- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Команда 2017» еріктілер қозғалысына қабылдау басталды
Астанада «Команда 2017» еріктілер қозғалысына қабылдау басталды
Астана қаласы әкімдігінің ресми порталы хабарлағандай, «Команда 2017» ұжымына кез-келген адам қосыла алады. Қабылдау елордалық орта арнайы және жоғары оқу орындарының жастар істері комитеті арқылы жүзеге асырылады. Команданың болашақ мүшелерін сарапшылар мен тәжірибелі еріктілер оқытады, тренингтер, семинарлар, кездесулер ұйымдастырылады.
Ал құрылған команда Астана үшін әлеуметтік-маңызды жобаларға қатысады.
«2017 жылы елордада «Экспо-2017» халықаралық көрмесі өтеді, біз де бұл тарихи үрдіске өз үлесімізді қоспақпыз, сондықтан біздің қозғалыс «Команда 2017» деп аталады. Жұмыстың негізгі идеясы - барынша көп еріктілерді тарту, қысқа мерзімнің ішінде әлеуметік-маңызды жобаларды жүзеге асыруға қатысатын және оларды жүзеге асыратын тиімді команда құру. Әрине, жастар тіл білсе, ашық болса, ол да жақсы. Бастысы, пайдалы болу ниеті, белсенді азаматтық позициясын көрсетуге ұмтылуы, себебі еріктілер жұмысы - тегін, идеялық бастамаларға негізделеді», - деді «Ел қанаты» ҚҚ жобалар жөніндегі менеджері Жасұлан Адаев тұсаукесер барысында.
Айта кетейік, «Команда 2017» жобасы Астана қаласы Еріктілер қозғалысы мәселелері басқармасының қолдауымен құрылды. Жұмысының негізгі бағыты - жобаларды, флэшмобтарды, спорттық сайыстар мен т.б. жарыстарды жүзеге асыру. Ұжым өткізетін алғашқы шара 9 мамыр мерекесіне орай георгий лентасын табыстау акциясы болмақ.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды