• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ПетроКазахстан Инк» пен «ҚазМұнайГаз» өнімінің 50%-ы ішкі нарыққа қайта өңдеуге бағытталады

«ПетроКазахстан Инк» пен «ҚазМұнайГаз» өнімінің 50%-ы ішкі нарыққа қайта өңдеуге бағытталады

2 Сәуір, 2014 13:03
«ПетроКазахстан Инк» пен «ҚазМұнайГаз» өнімінің 50%-ы ішкі нарыққа қайта өңдеуге бағытталады. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов мәлімдеді.

««ПетроКазахстан Инк» пен «ҚазМұнайГаз» өнімінің 50%-ы ішкі нарыққа қайта өңдеуге бағытталады.Соның ішінде Шымкент пен Павлодар облыстарына жөнелтілмек. Ай сайын ҚР Мұнай және газ министрлігі жеңілдік беріп, біз осыны ұстанатын боламыз. Біздің жоспар бойынша бұл көрсеткіш шамамен 50% болуы мүмкін», - дейді бас директор.

Оның айтуынша, бүгінде «ҚазТрансОйл» трубаларының жағдайына байланысты Павлодар облысына мұнай тасымалдау мүмкін емес.

«Техникалық себептерге байланысты бүгінде «ҚазТрансОйл» Павлодарға тасымал жасай алмайды. Биыл «ҚазТрансОйл» біздің Батыс Қазақстаннан Шығыс Қазақстанға мұнай тасымалдай алуымыз үшін өзінің жүйесі бойынша реверсивті операция жасайды. Әзірге біз аталмыш жұмысты трубалардың жағдайына байланысты жасай алмаймыз», - дейді ол.

Барлық жаңалықтар