• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚМГ» БӨ» компаниясы алдағы 5 жыл ішінде 12 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлауда – А. Нұрсейітов

«ҚМГ» БӨ» компаниясы алдағы 5 жыл ішінде 12 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлауда – А. Нұрсейітов

2 Сәуір, 2014 12:45
Келесі 5 жыл ішінде «ҚМГ» БӨ» компаниясы 12 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлауда. Бұл туралы конференцияда «Қамұнайгаз» БӨ» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов мәлімдеді.

«2013 жылдың қорытындысы  юойынша біздің компанияның мұнай өндірісі 12,3 млн тоннаны құрады. Біз осы дәрежені алдағы 5 жылда тұрақты ұстауды көздеп отырмыз. Өндірісті қайта жаңғыртуға инвестиция құйып отырмыз, бизнесті кеңейтудің барлық  бағыттарын қарастырып бірікке кәсіпкерліктер тұрақты ивиденттер әкеледі», - деді А. Нұрсейітов.

Жалпы, «ҚаМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов айтқандай, компания 10 жыл ішінде 45 млрд теңгеден жоғары сомада әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды.

«Осы жылдар ішінде біз ауқымды салық төлеушіге айналдық. Біз ел қазынашылығына 300 млрд теңге құйып отырмыз. Қуаттылық бойынша біздің компания 10 жыл ішінде 45 млрд теңгенің әлеуметтік жобаларын қаржыландырды», - деді ол.

Айта кетейік, , «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ  еншілес компаниясы, оған акциялардың 58 пайызы тиесілі. 

Барлық жаңалықтар