- Басты
- Жаңалықтар
- Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы Грузия және Иран елшілерімен кездесy өткізді
Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы Грузия және Иран елшілерімен кездесy өткізді
ККМ-де хабарлағандай, тараптар екі жақты қарым–қатынастардың серпінді дамуын атап өтіп, алдағы ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, ҚР Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек және Қазақстандағы Иран елшісі Горбан Сейфи ККМ және Иран арасындағы қарым-қатынастарға разылық білдіріп, екі жақты байланысты әрі қарай дамытуға келісті. Бұған құрылысы Қазақстанда аяқталған «Өзен (Қазақстан) - Кызылкая-Берекет-Этрек (Түркменістан) - Горган (Иран)» теміржол желісін іске қосу жағдай жасап отыр.
Министрдің Грузия елшісі Зураб Патарадземен Қазақстанда кездесуі барысында келешекте Әзірбайжанның, Грузияның және Түркияның теміржол желілерін біріктіруге үндеу болатын «Баку-Тбилиси-Карс» жаңа темір жолын пайдаланып Қазақстан жүктерді әр тараптандыру мүмкіндігіне ие болатыны белгіленді.
Сонымен қатар, грузиялық елші Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутының дамуы жөніндегі Үйлестіру комитетін құру туралы Келісімінің маңыздылығын атап өтті. Келісімге өткен жылдың қарашасында «Жаңа Жібек жолы» II халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында Қазақстан, Грузия және Әзірбайжан көлікшілері қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты - транзитті тарту, жүктерді тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту саласында келісілген саясат жүргізу (толассыз мөлшерлеме), инфрақұрылымды дамыту және ортақ біріктірілген логистикалық өнімді құру. Зураб Патарадзе айтуынша Комитетті құру туралы шешім жақсы нәтижелерді беріп жатыр.
ҚР Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек транзиттік тасымалдау көлемін арттыру Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басты міндеті екенін белгілеп өтті. Сонымен бірге ол Грузиямен қарым-қатынастың Қазақстан үшін маңыздылығын және министрліктің оларды әрі қарай дамытуға жағдай жасайтынын белгіледі.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы