- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан делегациясы Кабулда өткен «Наурыз-2014» Саммитіне қатысты
Қазақстан делегациясы Кабулда өткен «Наурыз-2014» Саммитіне қатысты
Форумға Иран президенті Хасан Роухани, Пәкістан президенті Мамнун Хусейн, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркменстан вице-президенті - СІМ басшысы Рашид Мередов, Әзірбайжан вице-премьері Эльчин Эфендиев және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Эрве Ладсус қатысты. Қырғызстан делегациясына Төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Боронов басшылық етті. Үндістан, Түркия және Өзбекстан жағынан осы елдер Елшілері болды.
Ауғанстан Ислам Республикасы (АИР) президенті Хамид Карзай өз сөзінде өңірдегі мемлекеттер халықтарына арналған сәлемдеме және құттықтау жолдады. Иран, Пәкістан және Тәжікстан президенттері Ауғанстанға бейбітшілік пен өркендеу тілей отыра, президенттік сайлаудың сәтті өтуіне және ауған реттеу үдерісін жалғастыруға үміт білдіріп, әр түрлі саладағы ынтымақтастыққа шақырды, деп ведомствода хабарлады.
Қазақстан делегациясының форум іс-шараларына қатысуына ауған тарапы жоғары баға берді. Саммит аясында Министр В.Божко Ауғанстан министрлер кабинеті мүшелерімен бір қатар кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, Ауғанстан сырқы істер министірінің саяси мәселелер бойынша орынбасары Эршад Ахмадимен кездесті. Ауғанстанның Алматы қаласында құрылған төтенше жағдайлар мен апат қатерлерін төмендету аймақтық Орталығына қосылу мәселесі талқыланды. Ауғанстан тарапы Орталық құрамына кіру ниетін тағы да растады.
АИР сауда және өнеркәсіп министрі, Үкіметаралық комиссиясының қосарлас төрағасы, тендерлік комиссия мүшесі Шакир Каргармен ауған бизнес субъектілерінің қазақстандық серіктестерімен ынтымақтастықтары, қазақстан тарапының Ауғанстандағы тиімді экономикалық жобаларға конкурстық негізде қатысу мәселелері талқыланды. Министр Ш.Каргар 17-18 сәуірде Алматыда өтетін Еуразиялых іскерлік форумға шақырылды.
Ауыл аймақтарын қалпына келтіру және Ауғанстанды дамыту министрі, төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары Ваис Бармакпен ҚР ТЖМ оқу базасында ауған нұсқаушы-құтқарушыларын дайындау саласында ынтымақтастықты орнату мәселесі талқыланды. Осы мәселені үстіміздегі жылдың күзінде өтетін кезекті ҚР-АИР сауда-экономикалық ынтымақтастық Үкіметаралық комиссиясы отырысының күн тәртібіне енгізу ұсынылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы