• Басты
  • Жаңалықтар
  • Фиджи Республикасы Қазақстан Республикасында құрметті консулдығын ашуды жоспарлауда

Фиджи Республикасы Қазақстан Республикасында құрметті консулдығын ашуды жоспарлауда

2 Сәуір, 2014 09:30
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Қазақстан Республикасындағы Фиджи Республикасы Төтенше және Өкілетті елшісі Равиндран Робин Наирмен кездесті.

Ведомствоның хабарлауынша, кездесуде туризм индустриясының екіжақты әріптестік мәселелері талқыланды.

Арал мемлекеті өкілінің айтуынша, Фиджи Республикасы Қазақстанның оңтүстік және солтүстік астаналарында өз елінің консулдығын ашуға мүдделі екенін мәлімдеді.

Кездесу барысында тараптар екі елдің туристік нысандарының дамыту мен инвестиция тарту және ынталандыру бойынша Фиджи мемлекетінің тәжірибесі айтылды. Атап айтар болсақ қос салық, арнайы экономикалық туристік аймақтарда жобаларды іске асыру мен салық салуды қарау мәселесін шешу жайы қаралды.

Қазақстандық тарап Фиджи Республикасы Ұлттық Туристік Әкімшілігі өкілдерін Астана Экономикалық Форумы мен 2017 жылы өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне шақырды. Өз кезегінде қарсы тарап Қазақстанның Азия-Тынық мұхит өңірінің шілде айындағы даму форумына қатысуына мүдделі екендіктерін білдірді.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтың айтуынша, екіжақты әріптестікті бұдан ары дамыту аясында Қазақстан Республикасы мен Фиджи Республикасы арасындағы туризм саласында өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қою жұмыстарын бастауға келісті.

Барлық жаңалықтар