• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұр Отан» партиялық «Біздің ауыл» жобасын жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойды

«Нұр Отан» партиялық «Біздің ауыл» жобасын жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойды

2 Сәуір, 2014 09:15
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында аграрлық сектор саласындағы қоғамдық ұйымдармен «Біздің ауыл» жобасын жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойылды.

«Партия әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасы оның тұрмыс кешіп жатқан  орнына қарамастан біркелкі жоғары сапалы болу керек деген қатаң принципті ұстанады. Сондықтан өзінің бар күш-қуатын ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға жұмылдырады», – деді Орталық аппарат басшысының орынбасары, жоба жетекшісі Қаныбек Жұмашев.

Ол жобаның мақсаты –  ауылдық елді мекендерді абаттандыру, ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау екенін  атап айтты.

Партияның баспасөз қызметінде хабарлағандай, аталмыш құжатқа «Ауыл шаруашылығы ардагерлерінің кеңесі» ҚБ төрағасы Михаил Трошихин, «Қазақстанның фермерлері одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әсембек Қасенов және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және қайта өңдеуші ұйымдары еңбеккерлерінің кәсіподағы ұйымы» ЗТБ төрағасы Ғалымжан Әубекеровтер қол қойды.


 

Барлық жаңалықтар