Fitch агенттігі Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін қайта қарайды

2 Сәуір, 2014 09:00
Қазақстанға оның егеменді кредиттік рейтингін мониторинг жасау шеңберінде Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі сарапшыларының кезекті сапары өткізілді.

Сапар барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау және Қаржы министрліктері, Ұлттық банкі, «Самұрық-Қазына» қоры басшылығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банкі, ҚР-дағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі офисімен кездесулер ұйымдастырылды, деп  ЭБЖМ-де  хабарлады.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінде бюджеттік жоспарлау және фискалды саясат, қаржылық жүйе, Ұлттық қор қаражатын қолдану, бірыңғай зейнетақы қоры және басқа мәселелері талқыланды.

Ережедегідей, сапар қорытындылары бойынша Fitch сарапшылары ҚР-дың егеменді кредиттік рейтингін растау немесе өзгерту туралы тиісті баспасөз-хабарламаны жариялайды.

Барлық жаңалықтар