- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен кездесті
ҚР СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен кездесті
Кездесу барысында тараптар ҚР Президенті Н.Назарбаев пен АҚШ Президенті Б.Обаманың Ядролық қауіпсіздік саммиті шеңберінде (Гаага, 24-25 наурыз) өткізген келіссөздерінің қорытындыларын талқыға салып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын қарастырды. Тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары Е.Ыдырысов пен Дж.Керри тең төрағалық ететін стратегиялық әріптестік жөніндегі Комиссияның жұмысын қанағаттана атап өтті.
ҚР СІМ-де хабарлағандай, сауда және инвестиция саласы келіссөздердің маңызды тақырыбына айналды. ҚР СІМ Басшысы біздің мемлекетіміздің америкалық компаниялардың Қазақстанның индустриялды-инновациялық бағдарламасында белсенді қатысуына мүдделі деген Елбасы тезистерін қайталады. Сонымен қатар ол американдық компанияларды ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.
1993 жылдан бері қазақстандық экономикаға құйылған американдық инвестицияның көлемі 25 млрд. АҚШ долларын құрады. Біздің елімізде экономиканың негізгі секторларында 300-ден аса бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. 2013 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауарайналым 2,75 млрд. АҚШ долларын құрап, 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9%-ға артты.
Е.Ыдырысов пен Н.Бисвал алдыңғы жылы Астанада қазақстан-американдық ғылымыи-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Комиссияның іске қосылуының маңызын атап өтті. Бұл ҚР мен АҚШ арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Келісімді іске асырудағы және АҚШ-пен ғылыми-техникалық саладағы ықпалдастықты алға тартудағы айтарлықтай жетістігі болып табылды.
Сұхбаттастар халықаралық саясат пен аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, соның ішінде Украинадағы ахуал бойынша пікір алмасты.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар ҚР мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті әрі қарай кеңейту мен тереңдету қажеттілігі туралы өзара түсіністікке келді.
Сондай-ақ, Н.Бисвал Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде сөз сөйлеуі жоспарланған. 2 сәуір күні американдық дипломаттың сапары Алматыда жалғасатын болады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары