• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкпекті ауылының тұрғындарына еркімен келгендер аймақты тазалауға көмектесуде

Көкпекті ауылының тұрғындарына еркімен келгендер аймақты тазалауға көмектесуде

1 Сәуір, 2014 17:11
Қарағанды облысының Көкпекті ауылында ТЖ—ны жоюға волонтерлер көмектесуде.

ҚР ТЖМ-де хабарлағандай, Көкпекті ауылының тұрғындарына қолғабыс көрсетуге 200 студент волонтер келді.

Жұмыс тобының құрамына «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, «Жасыл ел» ҚҰ, студенттік отрядтар, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері, Қарағанды политехникалық  ТЖ колледжі, Қарағанды қаласының тұрғындары енді, олар аймақты тазалауға көмек көрсетті.

Сондай-ақ, медициналық университеттің оқытушылары ауыл тұрғындарына медициналық және психологиялық көмек көрсетті.

Оған қоса,  ауған әскерилері мен мешіт имамдары да жұмысқа қатысты.

Қарағанды облысының қоғамдық ұйымының облыстық филиалы жәбір көргендерге етік пен өзге керекті заттарды жеткізді.

Бұқар-Жырау ауданының балабақша, колледж, лицей  ұстаздары мен директорлары азық-түлік көмегін өз қаражаттарына жеткізді. 

Барлық жаңалықтар