- Басты
- Жаңалықтар
- Көкпекті ауылындағы ТЖ-ны жою үшін 900 адам жұмылдырылды
Көкпекті ауылындағы ТЖ-ны жою үшін 900 адам жұмылдырылды
Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері су басқан үйлердің жертөлелері мен аулаларынан суды айдау, аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізуде. 102 үй судан тазартылды, 40 үй мен аула тазаланды, деп ТЖМ-де хабарлады.
ТЖМ Медициналық апат және психологиялық қызмет басқармасының, психологиялық қызмет бөлімінің қызметкерлері зардап шеккен тұрғындарға шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.
Үш телефон нөмірі бойынша «жедел байланыс» және түнгі мезгілде дербес жарық беру ұйымдастырылып отыр. Қоғамдық тамақтандыру орындарындағы тамақтың сапасы тұрақты тексерілуде. Қоқыс-қалдықтардың арнайы жерлерге шығарылуы да бақылауға алынып отыр.
Ветеринарлық жасақ қырылып қалған үй малдарының өлекселерін Петровка селосында орналасқан биотермикалық шұңқырға шығаруды ұйымдастыруда. Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 485 малдың қырылғаны анықталып отыр.
Арнайы комиссия келген материалдық шығынның сомаларын анықтауда. Атап айтқанда, қалпына келтіруге жатпайтын үйлер мен жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін үйлер, тұрмыстық техникалар мен жиһаздар, басқа да үй тұрмысындағы заттар анықталуда.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды