• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Қарин: Лаңкестіктің жаһандық индексінде - Қазақстан ең жайлы елдердің бірі

Е.Қарин: Лаңкестіктің жаһандық индексінде - Қазақстан ең жайлы елдердің бірі

1 Сәуір, 2014 16:25
Лаңкестіктің жаһандық индексінде - Қазақстан ең жайлы елдердің бірі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде лаңкестік пен эксремизмге қарсы жұмыстардың қорытындысын баяндау кездінде саясаттанушы Ерлан Қарин осылай деді.

«Әлемнің түрлі аналитикалық орталықтары жыл сайын лаңкестіктің жаһандық индексін жариялап отырады. Атап айтқанда, Экономика және әлем институтының лаңкестік қатерлердің белсенділік деңгейін зерделеген 2011 жылғы соңғы индексінде Қазақстанның лаңкестік қаупі өткір тұрмаған ең жайлы елдердің қатарында екенін көре аламыз»,- деп түсіндірді саясаттанушы өз сөзін.

Оның айтуынша, жаһандық индекс тізімінде Қазақстан лаңкестік төну қаупі аз елдердің қатарында.

«Дүниежүзі бойынша лаңкестік оқиғалардың есебін жүргізетін «Консорциум Старт» ұйымының (АҚШ-тағы ірі аналитикалық ұйым) мәліметтеріне көз салар болсақ, біздегі оқиғалардың олардың анализдеріне кірмегенін байқаймыз. Себебі біздегі оқиғаларды шетелдік сарапшылар лаңкестік әрекеттер ретінде қарастырмайды», - деп түйіндеді өз сөзін саясаттанушы.

Саясаттанушының мәлімдеуінше, 2002-2011 жылдар аралығында көптеген отандық және шетелдік сарапшылар асығыстық жасап, Қазақстанды жоғары тәуекелді елдердің қатарына жатқызған болатын.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар