• Басты
  • Жаңалықтар
  • Омбудсмен азаптауға қарсы Ұлттық сақтандыру механизмімен қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді

Омбудсмен азаптауға қарсы Ұлттық сақтандыру механизмімен қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді

1 Сәуір, 2014 16:18
Бүгін Астанада Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Асқар Шәкіровтың төрағылығымен биылғы жылы енгізілген азаптауға қарсы Ұлттық сақтандыратын механизмді (ҰСМ) жүзеге асыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес өтті.

2013 жылы 2 шілде де ҚР Президенті қол қойған ҰСМ туралы заңда алғаш рет адамдардың бостандығын шектеу бойынша жабық типті мекемелерге қоғам өкілдеріне кедергісіз кіру құқығы берілген, деп ҚР  Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі мәлім етті.

Жиын барысында қатысушыларға мекемелерге мониторинг жүргізу тәртібімен содан шығатын ҰСМ аясындағы мемлекеттік орган тапсырмалары түсіндірілді.

«Мемлекеттік сақтандыру механизмінің тапсырмасын іске асырудағы басты мәселе қызметкерлердің орталық орган ретінде ведомстваішілік, аймақтық, жергілікті бөлімшелер, мекемелер мен ұйымдардың мандаты мен қоғамдағы маңызы туралы ақпараттануы болып табылады», - дейді омбудсмен басты бағыттарға назар аударта отырып.

Алқа отырысына қатысушылар ҰСМ талаптарын орындау таралы Заңнаманың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың өзара және омбудсменнің жанындағы ҰСМ үйлестіру кеңесімен бірлікте жұмыс істеуін қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Кеңестің жұмысына ҚР Бас прокурорының орынбасары Ж. Асанов хабарлады.

Барлық жаңалықтар