• Басты
  • «Нұр Отан» сараптама тобының мүшелері экономика салаларына кадр дайындау мәселесін талқылады

«Нұр Отан» сараптама тобының мүшелері экономика салаларына кадр дайындау мәселесін талқылады

1 Сәуір, 2014 16:00
Экономика салаларында техникалық және кәсіби, сонымен қатар жоғарғы білім жүйесінің мамандарын дайындаудың күрделі мәселелерін бүгін «Нұр Отан» партиясының «Жастарды қолдау» сайлауалды платформасы бағыты бойынша сараптама тобы отырысында талқыланды.

«Мектеп оқушыларының арасында ең көп танымал мамандықтың медицина қызметі екені анықталды. Екінші кезекте қаржыға байланысты мамандықтар: экономист, банкир, бухгалтерлік есеп, аудит мамандықтары болса, мектеп оқушыларының одан кейінгі көп білетін мамандықтары заңгерлік мамандықтар екен. Атап айтар болсақ олар: заңгер, сот, халықаралық құқықтанушы, нотариус, қорғаушы. Жастардың мамандық таңдаудағы ең басты кезекте ұстаған талаптары мыналар: мамандыққа деген өзіндік мүдде, кәсіпкерліктің абыройы мен жалақы мөлшерінің деңгейі. Ал ата-аналардың кеңестері төртінші кезекте тұр. Мектеп оқушыларының жартысы кәсіп таңдауда көмекке мұқтаж екенін мойындап отыр», - дейді «Жастар» ғылыми-зерттеу институты директоры Жанар Буканова «Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын зерттеу» республикалық әлеуметтік зерттеудің алдын ала қорытындысын таныстыра келіп.

Зерттеуден байқағанымыз, ЖОО мен кәсіптік және техникалық оқыту ұйымдарының түлектері өздерінің білім беру орындарындағы кәсіби дайындаудың тиімділігін оң бағалайды. 80%-дан астамы оқу тиімділігіне қанағаттанады. Диплом алған жастардың жұмысқа тұруына кедергі келтіретін басты фактор еңбек өтілінің жоқтығы.

Сонымен қатар, студенттердің көпшілігі (83,2%) өзінің болашақтағы кәсіптерін өздерінің меңгеріп жатқан мамандықтарымен байланыстырады. Қалған 16,8%-ы өз мамандықтарымен жұмыс істегісі келмейтіндерін айтқан.

Сараптама тобынгың күн тәртібінде бірінші кезекке жастардың алған алғашқы кездегі еңбек тәжірибесі мен жас мамандарды дайындау саласындағы қазақстандық жастардың қиындықтарын шешуге бағытталған партиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар қаралды

Барлық жаңалықтар