- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Бас Прокуроры мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі екіжақты ынтымақтастықты талқылады
ҚР Бас Прокуроры мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Бас Прокуратурада хабарлағандай, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының Көмекшісімен өткізілген кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең салалы мәселелері, оның ішінде қылмыстық-құқықтық салада құқықтық көмек пен шарттық-құқықтық базаның кеңейтілуі мен нығайтылуы талқыланды. Сонымен қатар, терроризм мен экстремизмге, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмыс пен қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыруға қарсы күрес мәселелері талқыланды.
Тараптар қол жеткізілген өзара әрекеттесу деңгейіне қанағаттанатындықтарын білдірді. А.Дауылбаев атап өткендей, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Американың құзыретті органдарымен қылмыстық әрекетке қарсы, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді беру мәселелері бойынша өзара түсіністік қағидасы негізінде белсенді түрде ынтымақтасады.
Бас Прокурор қазақстандық прокуратураның басым бағыттары жөнінде және қылмыстық қудалау барысында адам құқығы прокурорлардың басты назарында екендігін атап көрсете отырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қолданылып отырған қадамдар туралы әңгімеледі.
Сұхбаттасушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қазіргі заманғы геосаяси міндеттердің аясында қазіргі әлемдегі қауіп-қатерге қарсы әрекет бойынша күштердің бірігу өзектілігі объективті түрде өсіп отырғанын және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері