• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Промстрой-Астана 2014» XV Қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді (сурет)

Астанада «Промстрой-Астана 2014» XV Қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді (сурет)

1 Сәуір, 2014 12:20
Сәуірдің 1-і мен 3-і аралығында Астанада «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы «Промстрой-Астана 2014» XV Қазақстандық Халықаралық көрмесі мен «ЭкспоНедвижимость-2014» V Қазақстандық халықаралық көрмесін өткізеді.

«Промстрой-Астана 2014» көрмесі аясында қатысушылар мен қонақтарға заманауи құрылыс технологиялары, вентилияция, кәріз және жылыту, газ, су жүйелері, энергоүнемдеу, құрылыс машиналары мен қондырғы құрылыс және жөндеу, электротехникалық қондырғы, жол материалдары таныстырылды.

Аталмыш көрме жұмысында Қазақстан, Ресей, Туркия, Украина кәсіпкерліктері қатысты. Олардың ішінде «ЭКОпром Павлодар», «Центр станочного оборудования», «Силикат», «Щучинский котельно-механический завод» атақтылары бар.

Айта кетерлігі, «ЭкспоНедвижимость-2014» V Қазақстандық халықаралық көрмесінде Қазақстан, Ресей, Болгария, Ұлыбритания, Солтүстік Кипр, Латвия және Түркияның 20 компаниясы  қатысады.

Көрме Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Индустрия және жаңа технолоогиялар министрлігі, Өңірлік даму министлігінің көмегімен ұйымдастырылды.

Барлық жаңалықтар