• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Үкіметінің шешімімен Көкпекті ауылындағы бөгеттің тасуы мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды

ҚР Үкіметінің шешімімен Көкпекті ауылындағы бөгеттің тасуы мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды

1 Сәуір, 2014 11:10
Мемлекет басшысының тапсырмасымен және ҚР Үкіметінің шешімімен Қарағанды облысы Көкпекті ауылындағы бөгеттің басуы мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды, дейді Үкімет отырысында бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Үкіметтің бүгінгі шешімімен аталмыш оқиғаның себебін анықтау үшін және жан-жақты көмек көрсету мақсатында төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бастаған ведомствааралық комиссия құрылады», - дейді Үкімет басшысы.

«Тоған 1951 жылы пайдалануға берілген. Су қоймасының жобалық көлемі 1,5 млн болса, ұзындығы 200 метрден асады. 2014 жылдың 30 наурызында бөгеттің суы тасып, тоғанды бұзып жібергені туралы ақпарат келіп түсті. Осыған орай 70 аулаға эвакуациялық жұмыстар ұйымдастырылды. Өзен аңғарында қоныстанған 30 ауланың жалпы тұрғыны шамамен 210 адам. 102 үйге кеше суды сорып алу жұмыстары жасалды. Сонымен қатар аулалар мен үйлер тазартылады», - дейді төтенше жағдайлар министрі.

Жалпы, апаттық жағдайдың алды алынды. ТЖМ мен ІІМ толықтай жұмыла іске кірісті. Барлық тұрғындар шаңырақтарына оралды, жұмыстар әлі де жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда Қарағанды облысы Көкпекті ауылындағы бөген суы тасып кеткен еді. Нәтижесінде 100 шақты үйді шайып, 125 адам құтқарылған. 

Барлық жаңалықтар