«Астана Innovations» АҚ құрылғанынан бастап 11 жобаны іске асырды – Е.Айтбаев

1 Сәуір, 2014 11:45
«Астана Innovations» АҚ құрылған уақытынан бері технологиялық бизнес-инкубация байқауы аясында 11 жобаны іске асырды. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында «Астана – жаңа қала» АЭА Әкімшілік басқармасы» ММ жетекшісінің орынбасары Еркен Айтбаев мәлімдеді.

«Қазіргі таңға дейін 2011 жылдан бастап Астана қалалық әкімдігінде 118 өтініш жиналып, соның 11 жобасы қазіргі таңда іске асырылған. Енді 5-еуі орындалып жатса, 4-еуіне қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, аталмыш уақыт аралығында 15 стартап компания құрылса, соның -11-і Қазақстан нарығына еркін енген», - дейді Е.Айтбаев.

Оның айтуынша, «Астана Innovations» базасында инновациялық менеджмент пен отандық және шет елдік сарапшылардың қатысуымен жобаларды басқару негіздері бойынша тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, тренингтер, лекциялар ұйымдастырылатын бизнес-инкубатор жұмыс істейді.

«Аталмыш шараның мақсаты – алдағы уақыттағы коммерциялау үшін жас және талапты адамдарды идеяның айналасына шоғырландыру», - дейді.

Сонымен қатар бизнес-инкубатор базасында негізінен бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу мен өндіріс, энергияүнемдеу, медицина мен косметология және өзге де салалардағы жұмыстарға бағытталған жобалар сәтті даму үстінде. 

Барлық жаңалықтар