• Басты
  • Жаңалықтар
  • G-Global сәуір айындағы тұлғасы Нобелев сыйлығының лауреаты Джеймс Миррлис атанды

G-Global сәуір айындағы тұлғасы Нобелев сыйлығының лауреаты Джеймс Миррлис атанды

1 Сәуір, 2014 11:30
G-Global сәуірдегі ай тұлғасы 1996 жылы «ақпараттық асимметрия саласындағы зерттеулері үшін» экономика бойынша Нобелев сыйлығының лауреаты атанған Джеймс Миррлис болды.

Джеймс Миррлис салық салу мәселелері, келісімшарттар теориясы, моральдық қауіп-қатер және ақпараттық асимметрия бойынша жетекші маман болып табылады, деп Еуразиялық  экономикалық ғалымдардың клубы» Қауымдастығында хабарлады.

Миррлис экономикалық шешімдер қабылдау үдерісінің қатысушыларының ақпараттарғ әр түрлі қол жетімділіктеріне байланысты зерттеулердің жаңа қабатын алғашқы ашушылардың бірі болып саналады. 1996 жылы У. Викримен бірлесіп стимулдар мен асимметриялық ақпараттың экономикалық теориясына қосқан іргелі үлесі үшін экономика бойынша Нобелев сыйлығына ие болды. Өз зерттеулерінің түйінімен ақпараттық асимметрияны зерттеп, Джеймс Миррлис оңтайлы салық салу проблемаларын шешуге зор үлес қосты. Нобелев лауреаты экономикалық теория және тарих проблемалары, оның ішінде монетарлық теория, салық салу теориясы және институтшылдық бойынша кең шеңбердегі көптеген кітаптар мен мақалалардың авторы болып табылады. Ғалымның экономикалық ғылымға қосқан ең маңызды үлестерінің бірі оңтайлы кедендік тарифтердің проблемаларын өте дәл шешу болды. Экономикалық ғылымды дамытудағы отыз жылдық тәжірибесі және жетістіктері үшін 1998 жылы Маррлис корольдік Ұлыбритания рыцарі дәрежесіне көтерілді.

Ол Эконометрилық қоғамның (1982), Халықаралық атлантикалық экономикалық қоғамның (1988-89) президенті болып табылады. 2002 жылдан бастап Гонконгтағы Қытай Университетінің еңбек сіңірген профессоры болып табылады және осы Университеттің Морнингсайд колледжін басқарады, сонымен қатар Кембридж университетінде саяси экономика профессоры болып табылады.

 

Барлық жаңалықтар