- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрлігі 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысын көтереді
ҚР Қорғаныс министрлігі 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысын көтереді
Айта кетейік, 2014 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында 2014 жылғы 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілер мен жұмысшылардың еңбекақысын 10 %-ға көтеру туралы тапсырма берді, деп ведомствода хабарлады.
Аталған тапсырманы орындау үшін Үкімет «Азаматтық қызметшілерге, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 2014 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 269 қаулысы қабылданды және ол 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
Осы қаулыға сәйкес 19-қосымшаға мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақыдан 10 % үстемақы белгілеу туралы толықтыру енгізілді.
Соған байланысты, ҚР ҚК азаматтық персоналдарына үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап еңбекақыны есептеу жоғарыда аталған үстемақымен қоса жүргізілетін болады.
Қазақстанның Қарулы Күштерінде 19 мыңға жуық азаматтық қызметшілер қызмет өткеруде.
«Мұндай елеулі өзгерістер бізді алға жетелері анық. Азаматтық қызметкерлердің еңбекақысының қосылуы сапалы кадрларды тартуға, сондай-ақ мемлекетіміздің қызметінің жоғары деңгейден көрінуіне мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР ҚМ Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаменті бастығының орынбасары Төлеген Құсыманов.
ҚР Қарулы Күштерде жалақының өсуі жүйелі түрде жүргізілетінін ескере кеткен жөн. 2009-2010 жылдар аралығында еңбекақы 2 есеге өсті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі