- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының студент –аграрилері ЖОО мен жұмыс берушілерге серіктестікті енгізуді ұсынуда
Ақмола облысының студент –аграрилері ЖОО мен жұмыс берушілерге серіктестікті енгізуді ұсынуда
Ақмола облысының әкімі Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметовтың «Жастар - қоғамның қозғаушы күші және белсенді буыны» тақырыбындағы жастармен кездесуі өтті.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, әкімнің жастармен осындай кездесулері дәстүрге айналып келеді. Іс-шара «ток-шоу» түрінде өткізілді. Кездесу барысында облыс әкімі жиналғандарға жастарға қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жайлы, облыс әкімдігінің жастар саясаты саласында атқарып отырған қызметі туралы айтты.
Ауыл шаруашылық факультетінің студенттері жұмыс берушілер мен оқу орындарының оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі әлеуметтік серіктестігін тәжірибеге енгізу, әкімдік, жоғары оқу орындары және облыстың ауыл шаруашылық құрылымдары арасында үш жақты меморандумдар жасасу жөнінде ұсыныс берді.
Сонымен қатар, өңір басшысы жастар мен жас отбасыларға тұрғын үй бөлу, жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу, «ЕХРО-2017» көрмесінің Қазақстанда өтуі, сыбайлас жемқорлықпен күресу, тағы да басқа мәселелерге қатысты жастардың қойған түрлі сұрақтарына жауап берді. Жастардың қойған сұрақтары олардың елде болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғалардан хабардар екендігін және олардың ел өмірі мен өңір тынысына зор қызығушылық білдіретіндіктерін көрсетті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері