• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Үндістан экономикалық әріптестікті кеңейту мәселесін талқылады

Қазақстан мен Үндістан экономикалық әріптестікті кеңейту мәселесін талқылады

1 Сәуір, 2014 10:30
Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Үндістанның сауда және өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Раджив Кхер және ҚР-дағы Үндістанның Төтенше және өкілетті елшісі Ашок Кумар Шармамен кездесті.

Тараптар екі и елдің экономикалық әріптестігін кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ.

Вице-премьер қонақтарға Қазақстандағы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпарат берді. Аталмыш бағдарламаның елдегі инвестициялық климатқа оң әсер етіп жатқанын айта келіп, келесі жылы басталатын индустрияландырудың екінші бесжылдығына қатысуға шақырды. Атап айтар болсақ ақпараттық технология, энергетика, сауда мен текстиль өнеркәсібі және машинақұрылысы саласындағы біріккен жобаларды құрудың мүмкіндіктерін қарастырды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматыда ҚР-дағы Үнді елшілігі мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің қолдауымен Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрлігінің Үнді өнеркәсіп конференциясымен бірлесіп ұйымдастырған «Үндістан Шоу» өнеркәсіптік конференциясы өтті.

Конференцияға 140 шақты үнді компаниясы қатысты. Олар негізінен қаржылық, білім беру, ақпараттық-коммуникациялық технология мен туризмді қамтитын автомобильдік өнеркәсіп, инжиниринг, көмір өнеркәсібі мен тау-кен ісі, энергетика, инфрақұрылым, ғылым мен техника, текстиль мен қызмет секторларында қызмет етеді.

Қазақстандық тараптан әкімдік пен облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының Халыққа қызмет көрсету орталықтары өкілдері, сонымен қатар жеке Үндістанмен әріптестік құруға мүдделі кәсіпкерлік өкілдері қатысты. 

Барлық жаңалықтар