- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР кәсіпорындары тауар мен қызметтің сапасы бойынша ТМД Жүлдесінің лауреаттары атанды
ҚР кәсіпорындары тауар мен қызметтің сапасы бойынша ТМД Жүлдесінің лауреаттары атанды
ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу комитетінен хабарлағандай, «Халық тұтынатын тауарды өндіру» номинациясында (жұмысшыларының саны 250-ге дейін жеткенде) «TREI-Қарағанды» ЖШС және «Қызметтер» (жұмысшыларының саны 251 мен 3000 аралығында) номинациясында Астана қаласының ШЖҚ РМК «Л.Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті» ТМД Жүлдесінің лауретаттары атанды.
ТМД Жүлдесінің лауреаты атағын беру шешімі 2014 жылдың 14 наурызында Мәскеуде өткен ТМД Экономикалық кеңесінде қабылданды.
Айта кетерлік жайт, ТМД Жүлдесінің өлшемдері Еуропалық сапа бойынша жүлдемен сәйкестендірілген.
Байқаудың нәтижесі бойынша 9 кәсіпорын лауреат атанса, 12 дипломант және 3 қатысушы ұйым 2013 жылғы ТМД Жүлдесінің «Іскерлік кемелді мойындау» арнайы сыйлығын иеленді.
Бұл байқауда Қазақстанның намысын қорғау үшін «Алтын сапа» сыйлығының Лауреаттары жіберілген болатын.
«Тауар мен қызмет сапасы саласында жеткен жетістіктері үшін ТМД Жүлдесінің лауреаты атану - бұл Қазақстанның инфрақұрылым жүйесінің сапасын халықаралық деңгейде мойындау болып табылады. Кәсіпорынның әлеуетін есепке ала отырып, ол сапалы қызмет саласы бойынша Еуропалық деңгейде еліміздің намысын қорғай алады», - деп есептейді ҚР ИЖТМ Техникалық ретту комитетінің төрағасы Біржан Қанешев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері