• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» заңы бәсекеге қабілетті борышкерлердің жойылуын болдырмауға мүмкіндік береді - Н.Үсенова

ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» заңы бәсекеге қабілетті борышкерлердің жойылуын болдырмауға мүмкіндік береді - Н.Үсенова

31 Наурыз, 2014 18:15
ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» заңы бәсекеге қабілетті борышкерлерге жойылудан құтылуға мүмкіндік береді, деп бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары Нұрилә Үсенова ағынан жарылды.

2014 жылдың 7 наурызында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» және«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгертулер енгізу туралы» заңдарына қол қойды.

«Заң  ашық, тиімді және алдын-ала болжауға болатын оңалту жүйесі мен бакроттықты қалыптастыруға бағытталған. Бұл ҚР 2020 жылға дейінгі Стратигиялық жоспарында көрсетілген маңызды міндеттердің бірі. Бәсекеге қабілетті қарызгерлерге, яғни қиын жағдайға душар болған алайда алдағы уақытта тұрақтылық деңгейіне көтеріле алатындарға жаңа Заң  қаржылай сауықтыру процедураларын пайдалануға және жойылудан құтылуға мүмкіндік береді. Ал, бизнес субъектілерін несиелендірумен айналасытатындарға өз борышкерлерінен берген сомасын толығымен қайтарып алуына жағдай жасайды», - деді Н. Үсенова.

Сонымен қатар, соттың шешімімен төлем жүргізуге ешқандай мүмкіндігі жоқ деп танылған барлық бакроттық оқиғалар сараптамадан өтті.

Сонымен, 2013 жылы әдейі жалған банкроттықты жариялау, банкроттықты жариялаудағы заңсыз әрекеттер, салық төлеуден бас тарту бойынша 132 қылмыстық іс қозғалды. Оның  70  оңалтылмау негізінде тоқтатылды.  Дәл осылай метариалдық шығынды өтеу үшін сотқа 36 шағым түсірілді.

«Бұл жағдайларды  жаңа заң түбегейлі өзгертеді, себебі ол заң бизнестің барлық субъектілеріне байланысты. Егер борышкердің өз қарызын өтеуге еш мүмкіндігі болмаса, онда Заң кәсіпорынның экономикалық құнын рационалды игеруге және бөлуге банкороттық процедураларын пайдалану арқылы жағдай жасайды», - деп ол өз ойын толықтырды.

Н. Үсенова атап өткендей,  2013 жылы 110 банкротқа ұшырау жағдайы бойынша 2,9 млрд. теңге көлемінде жұмыскерлердің жалақысы өтеліп, еңбекақы бойынша борыштың 80% жабылды.

Барлық жаңалықтар