- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 2014 жылы 54 млн доллардың ЖЭС құрылысы басталады
ШҚО-да 2014 жылы 54 млн доллардың ЖЭС құрылысы басталады
«Қазақстанда ел аумағының 2 пайызын алатын 50 мың шаршы шақырым жердегі жыл бойғы желдің орташа жылдамдық көрсеткіші 7 м/с-тан асады. Жалпы, Қазақстандағы жылдық жел қуаты әлеуеті 1,8 трлн кВт/сағ деңгейінде бағаланады. ШҚО-да бірнеше қуат өндіру орындарының бар екеніне қарамастан энергия тапшылығы 1,8 млрд кВт/сағ шамасын құрайды. 2014 жылғы ең ірі жобалардың бірі ШҚО-да Өскемен қаласы жанындағы Ұлан ауданы Тайынты ауылындағы ЖЭС құрылысы болмақ. Тайынтыдағы жел энергия станциясы 2010 жылдан бастау алды. Жобаның жалпы құны 54 млн доллар. Әзірге жел паркінің жоспарланған қуаты 24 МВт-ты құрайды», - дейді А.Шерубаев.
Оның айтуынша, жоба инвесторлары «SPAIN CONSULTING» және EPG SL испан инженерлік компаниясы секілді ірі кәсіпорындар болмақ. Бас мердігер HIDROCHINA, GRUPO ACS, SEMI SA корпорациялары.
Құрылыс жұмыстары 2014 жылдың көктеміне жоспарланған. 2015 жылы толықтай аяқталмақ.
Сонымен қатар, 2014 жылы өңірде Зырян ауданындағы Түгіскен өзенінде шағын СЭС құрылысы жоспарланған. Оның қуаты 24,9 МВт болмақ.
«Бүгінде баламалы қуат көздерін пайдалану өте маңызды рөлге ие болып отыр. Бұл болашақтың қуатын қалыптастыратын бірден бір сала. Осы орайда Қазақстан көптеген мүмкіндіктерге ие», - дейді А.Шерубаев.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері