• Басты
  • Жаңалықтар
  • Афинада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «G-global: XXI ғасыр әлемі» атты кітабының тұсаукесері өтті

Афинада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «G-global: XXI ғасыр әлемі» атты кітабының тұсаукесері өтті

31 Наурыз, 2014 16:30
Афинада Еуропалық және сыртқы саясат жөніндегі грек қоры мен Жоғары философия мектебімен бірлесіп, Қазақстан Елшілігі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың грек тіліне аударылған «G-global: XXI ғасыр әлемі» кітабының тұсаукесеріне арналған «дөңгелек» столын ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға Грекияда тіркелген дипломатиялық корпустың мүшелері, ғылыми-зерттеу топтары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ аталған оқу орнының профессорлық-ұстаздық құрамы мен тыңдаушылары қатысты, деп Сыртқы істер ведомствосында хабарлады.

Іс-шараға қатысушылар қазақстандық «G-global» бастамасымен танысып, ол, кітапта суреттелгендей, бес қағидатқа негізделеді: «эволюция және саясаттағы революциялық өзгерістерден бас тарту», «әділеттілік, теңбе-теңдік, консенсус», «жаһандық төзімділік пен сенімділік», «жаһандық транспаренттілік», «конструктивті көпполярлық».

«Дөңгелек» стол барысында қатысқандар Қазақстанның «EXPO-2017» мамандандырылған көрмесі, Астана экономикалық форумы, «АТОМ» жобасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты халықаралық бастамаларымен де таныстырылды.

Философия докторы, Крит технологиялық университетінің профессоры Д.Пателис «G-global: XXI ғасыр әлемі» кітабында мазмұндалған идеяларға қызығушылық білдіріп, Қазақстанның демократиялық өзгерістері екпінін және әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқынды динамикасын атап өтті.


 

 

Барлық жаңалықтар