- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК: Қазақстанның 14 өңірінде 59 мәслихат депутаты сайланды
ОСК: Қазақстанның 14 өңірінде 59 мәслихат депутаты сайланды
«Дауыс беру 392 сайлау учаскісінде өтті. Астана қалалық мәслихатының 1 депутаты, 7 облыс депутаты, 12 қалалық және 39 аудандық мәслихат депутаттары исайланды. Сайлау науқаны барысында 188 үміткер ұсынылды. Солардың 61-і саяси партиялардың, 2-еуі қоғамдық бірлестіктердің атынан шықса, 125-і өзін өзі ұсынғандар», - дейді В.Жексембекова.
Оның айтуынша, округтік сайлау комиссиялары мәслихат депутаттығына үміткер ретінде 170 адамды тіркеген.
Орташа бәскелестік бір депутаттыққа 3 үміркерді құрады. Жалпы, республика бойынша сайлау бюллетеньдеріне 145 үміткердің аты-жөні енгізілді.
«Сайлаушылардың келуі алғашқы мәліметтерге сәйкес 74,4% құрады. Дауыс беру және дауыстарды санау барысын байқауды 686 үміткердің сенімді өкілі, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері жүзеге асырды», - дейді.
Баспасөз хатшысының хабарлауынша, сайланған мәслихат депутаттарының құрамында 44 (74,6%) ер адам болса, 15 (25,4%) әйел адам. 57 депутат ҚР саяси партиясының мүшесі, біреуі партияға мүше емес, енді бірі өз партиясын көрсетпеген.
Айта кету керек, сайланған депутаттардың орташа жасы 45 жас. Солардың 56-сы (94,9%) жоғары білімге ие, біреуі (1,7%) орта кәсіптік, екеуінің орта білімі бар. 39% мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпкерліктерде жұмыс істесе, 34% коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.
«Жалпы, сайлау компаниясы сайлау заңнамасының талаптарына сай жүргізілді. Орталық сайлау комиссиясына сегіз өтініш пен хабарлама келіп түсті. Барлық хаттар уақытылы қаралып, тиісті жауап пен түсініктеме берілді», - дейді В.Жексембекова.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді