• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкпекті ауылындағы эвакуацияланған барлық адамдар өз үйлеріне оралды- ТЖМ

Көкпекті ауылындағы эвакуацияланған барлық адамдар өз үйлеріне оралды- ТЖМ

31 Наурыз, 2014 15:53
Көкпекті ауылынң эвокуацияланған тұрғындары үйлеріне оралды.

Қарағанды облысы Көкпекті ауылында ТЖ-ны жою бойынша жұмыс жалғасуда. Құрамында ТЖМ бөлімшелері, ІІД, әкімдіктер мен денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері бар он төрт топ 14 бағыт бойынша тексеру ұйымдастырды, деп ТЖМ-де хабарлады.

Аула-ауланы аралау жұмысы жүргізілуде, келтірілген шығын анықталуда. ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері үйлердегі жерқоймалардан суды шығару, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуде.

ҚР ТЖ министрі облыс әкімімен  бірге аула-ауланы аралап халықпен кездесті, азаматтардың сұрақтарына жауап берді, қаза болған адамдардың туыстарына көңіл айтты. 

ТЖ-ны жоюға ҚР ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасы бөлімшелері мен Азаматтық қорғау полкінен 170-ден астам адам мен 26 бірлік техника, 4 қайық, сондай-ақ ІІ басқармасынан 20 адам мен 4 бірлік техника, денсаулық сақтау басқармасынан 30 адам мен 10 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар