- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысы көктемгі егістікке дайын
Жамбыл облысы көктемгі егістікке дайын
31 Наурыз, 2014 17:30
Жамбыл облысы көктемгі егістікке дайын. 2014 жылы өңірдегі ауыл шаруашылық егістік жері 544,9 мың гектарды құрамақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 мың гектарға артық.
Атап айтар болсақ, жоспарланған егістіктің 115,3 мың гектары астыққа тиесілі болса, қант қызылшасы 7,5 мыңға егілмек. Ал зәйтүн егістігі 84,9 мың гектар, көкеніс 30,4 мың жерді құрайды. Қалған 7,5 мың гектарға картоп егілмек, дейді облыс әкімдігі.
Жалпы, биылғы жылғы егістік науқанына өңірде бас-аяғы 22 460 тонна тұқым әзірленген. Сонымен қатар, бүгінде облыс бойынша жыртылған 8300 гектар жердің 7120 гектары өңделген. Ал 5310 гектарға қазірдің өзінде тұқым себілген.
Қазірде облыс шаруашылығына тиесілі 6165 дана трактор мен ауыл шаруашылығы техникасының 5860 данасы егістік алқапқа шығуға сақадай сай тұр. Бұл шамамен 95 пайыз деген сөз.
Бұдан бөлек алдын ала болжамдар бойынша кепілдендірілген дизель отыны қажеттілігі 15,3 тоннаны құрайды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері