• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да экономикалық белсенді халық үлесі 76 мың адамға артты - Статистика агенттігі

ҚР-да экономикалық белсенді халық үлесі 76 мың адамға артты - Статистика агенттігі

12 Сәуір, 2013 00:00
Қазақстанда ағымдағы жылдың наурызында экономикалық белсенді халық үлесі 76 мың адамға артты және 8,6 млн адамды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.


«Республика экономикасында 2013 жылғы наурызда 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 76,3 мың адамға немесе 0,9%-ға көбейді», - делінген агенттік мәлімдемесінде.  
Сонымен бірге, жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,9 млн. адамды құрады, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,5%-ды құрайды.
Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 474,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрады.

Өз алдына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы наурыз айының соңына 56,1 мың адам «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз ресми тіркелген. 
Айта кету керек, тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6%-ын құрады, 2012 жылдың наурызда бұл көрсеткіш 0,7% деңгейінде болды.   
 

Барлық жаңалықтар