Е. Ыдырысов ҰҚКҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады

31 Наурыз, 2014 13:56
Е. Ыдырысов ҰҚКҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады.Бұл туралы бүгінгі брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«3 сәуір күні еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ресей Федерациясына ресми сапар жасайды.Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен перспективалары талқыланып, халықаралық маңыздағы өзекті мәселелер бойынша пікірлер алмасылады деп күтілуде», - деді А. Әбибуллаев.

Министр бұл күні сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысып, Ұйымды дамытудың жақын перспективасына қатысты бірқатар мәселелерді талқылауға атсалысады.

Барлық жаңалықтар