Қарағанды облысында тасқыннан кейінгі шығынды бағалауда

31 Наурыз, 2014 13:53
ТЖ-ны жою жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта су үстіңгі жақ қабаттан кетті, су астында тек үйлердің жерқоймалары қалды. Суды тартып шығару жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігінде хабарлағандай, оқиға орнына келіп жеткен ҚР ТЖ министрі облыс әкімімен бірге су басқан аумақты бойлай ұшты, аула-ауланы аралау жұмыстары жүргізілуде.

ТЖ-ны жоюға ҚР ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасы бөлімшелері мен Азаматтық қорғау полкінен 150-ден астам адам мен 19 бірлік техника, сондай-ақ ІІ басқармасынан 20 адам мен 4 бірлік техника, денсаулық сақтау басқармасынан 30 адам мен 10 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Келтірілген шығынды бағалау комиссиясы жұмысына кірісті.

 

 

Барлық жаңалықтар