- Басты
- ЭКСПО қалашығы алаңында Smart Grid зияткерлік жүйесі іске асырылады – Т.Ермегияев
ЭКСПО қалашығы алаңында Smart Grid зияткерлік жүйесі іске асырылады – Т.Ермегияев

«Жоспар бойынша, ЭКСПО-2017 аумағы Астананың теңдессіз таза ауданы болады. Онда жаңа технологиялар мен инновациялар қолданылады. ЭКСПО қалашығы қуат көздерінің тек дәстүрлі энергиялардан ғана емес, сонымен қатар жаңартылмалы энергия көздерінен де қамтамасыз етілетін әлемдегі ең бірінші нысандардың бірі болуы керек. ЭКСПО қалашығы ауданында Smart Grid зияткерлік жүйесі іске асырылады», - дейді Т.Ермегияев.
Smart Grid - көрме өткізілетін жердегі сумен қамту, энергияүнемдеу және инфрақұрылымға мониторинг жасап отыратын ЭКСПО аумағындағы ақылды желілер мен толықтай бақылау жүйесі, дейді басқарма төрағасы.
«Сонымен қатар, ЭКСПО көрмесінің өткізілгенінен кейін осы жерде тұратын тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасайтын жаңа технологияларды қолданамыз. Және де алғаш кезде инновация болатын технологиялар да ел игілігіне ұсынылмақ. Атап айтар болсақ солардың бірі ғимараттың тиімділігі үшін энерготиімді құрылыс материалдары», - дейді Т.Ермегияев.
Жалпы, оның айтуынша, осының бәрі ЭКСПО қалашығында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы мен 2050 Стратегиясында аталған индустриялды инновациялық даму, әлеуметтік жұмыспен қамту, ТКШ жаңғырту, денсаулық сақтау саласындағы негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік бермек.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы-2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге дайындық жасыл экономика мен болашақтың энергиясын құру мен іздестіру бойынша ең үздік әлемдік тәжірибені енгізу мен зерттеудің орталығын құру құралы ретінде пайдалануымыз керек.
-
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу
-
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина
-
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі
-
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция
-
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қалай өзгерді
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім
-
Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсарин
-
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі
-
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
-
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі

