Қарағанды облысында ТЖ-ны жоюға 200-ге жуық адам жұмылдырылды

31 Наурыз, 2014 12:10
Қарағанды облысы Көкпекті кентінде ТЖ-ны жою бойынша жұмыс жалғасуда.

Құрамында ТЖМ бөлімшелері, ІІД, әкімдіктер мен денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері бар жеті топ бойынша тексеру ұйымдастырды, деп ТЖМ-де хабарлады.

 ҚР ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасы бөлімшелері мен Азаматтық қорғау полкінен 150-ден астам адам мен 19 бірлік техника, сондай-ақ ІІ басқармасынан 20 адам мен 4 бірлік техника, денсаулық сақтау басқармасынан 30 адам мен 10 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖ-ны жою штабын ҚР ТЖ министрі В.К. Божко басқарды. 

8 7212 788686 «қауырт желісі»  ашық, ҚР ТЖМ психологтары жұмыс жүргізіп жатыр.

Көкпекті ауылында штаб жанында медициналық пункт орнатылды, оған 9 тұрғын жүгінді, соның 6-ауы «салқын тию» диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар