Астана көшелерінде 42 «ақылды бағдаршам» орнатылады

31 Наурыз, 2014 12:05
Жақын арада Астанада 42 «ақылды бағдаршам» орнатылады.

Қаланың қайнаған тіршілігінде уақыт үнемдеу үшін «Интеллектуалды көлік жүйесі» (ИКЖ) жобасы аясында «ақылды бағдаршамдар» орнатылуда, деп Астана қаласының ресми порталы хабарлады.  Қаланың қайнаған тіршілігінде уақыт үнемдеу үшін «Интеллектуалды көлік жүйесі» (ИКЖ) жобасы аясында «ақылды бағдаршамдар» орнатылуда.

 «Неліктен бұл жүйе Астанада енгізіліп жатыр? Жылдан-жылға көлік саны артып барады. Оның үстіне, қыстағы көлік қозғалысы мен жаздағы көлік қозғалысын салыстыруға келмейді. Ол мерзімге сай реттелетін. Енді жаңа қондырғыдағы бейнедетектор арқылы қай көшеде көлік кептелісі басым, соған сай жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туды», - деді  Нұрлан Уваев, Астана қаласы ІІД ӘПБ Жол техникалық инспекциясы басшысының орынбасары.

Жалпы, жоба бойынша Сарыарқа, Тұран даңғылдары мен Қонаев, Достық, Сарайшық, Сығанақ көшелері 42 бағдаршамдық нысанмен қамтылмақ. Бүгінде оның 14-і жұмыс істеп тұр.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар