- Басты
- Жаңалықтар
- «KADEX–2014» халықаралық көрмесіне қатысуға екі жүзден астам шетелдік компания өтінім берді
«KADEX–2014» халықаралық көрмесіне қатысуға екі жүзден астам шетелдік компания өтінім берді
«KADEX» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктерді көрсететін және мамандар үшін тәжірибе алмасуға баға жетпес алаң болып табылады, деп Қорғаныс министрлігінде хабарлады.
Айта кетерлігі, осыған дейін өткізілген екі бірдей «KADEX» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің тәжірибесі шетелдіктер тарапынан отандық өнім өндірушілерге қызығушылықтың артқанын аңғартады.
Көрмені өткізу барысында отандық және шетелдік өндірушілер шығарған Құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасын көрсету жоспалануда.
Алда өткізілгелі отырған көрменің басты ерекшеліктерінің бірі ондағы секцияларға қойылатын экпонаттардың ауқымдылығында. Мұнда ғарыштық технология, авиация мен авиациялық қару-жарақ, әуе шабуылынан қорғану жүйелері мен құралдары, әскери саладағы робототехника, ІТ-технология, байланыс жүйесі мен құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару жарағы мен әскери техникасы қойылмақ.
«KADEX–2014» көрмесінің іскер де, маңызды бағдарламасы қатысушыларға отандық және жетекші шетелдік өндірушілер шығарған инновациялық өнімдермен толық танысуға мүмкіндік береді.
Қазірдің өзінде ТМД елдері, сондай-ақ алыс жақын шетелдердің екі жүзден астам комапниясы қазақстандық көрмеге қатысуға өтінім беріп отыр. Олардың қатарында қару-жарақ шығаратын атақты Fabbrica d Armi Pietro Beretta S. p. A., EADS, Israel Aerospace Industries, Otokar, Ceska Zbrojovka, Rohde & Schwarz, Poly technologies Inc. және басқа брендтер бар. Ресей Федерациясы мен Түрік Республикасының өндірушілеріне жекелеген павильондар жалға алынып қойды. Компания атына көрмеге қатысуға 23 елден 225 өтінім келіп түсті. Көрме өткізілетін алаңның жалпы көлемі 5000 шаршы метр.
«KADEX» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі шеңберінде халықаралық әскери-ғылыми-техникалық конференциялар, семинарлар, тұсаукесерлер мен дөңгелек үстелдер өткізілмек.
Конференцияға қатысушылар қазіргі заманғы әскери-техникалық саясатты, әскери техниканы сатып алу, өндіру, жетілдіру және жөндеу мәселелерін талқылайтын болады.
Көрменің ең басты мақсатының бірі қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамытуды жеделдету және елімізге шетелдік инвестицияны тарту.
«KADEX–2014» үшінші қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өткізу біріншіден, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытуға қосымша жағдай тудыруға мүмкіндік береді, екіншіден, жетекші отандық және шетелдік тауар өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты жетілдіре түседі, үшіншіден, келешекте сатып алатын өнімді анықтайды. Сонымен қатар, бұл шара Қазақстан Республикасын халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесіндегі беделін арттыра түседі.
Көрме кезінде ұйымдастырушылар әскери үрмелі оркестрлердің ІІ Халықаралық фестивалін өткізу жоспарлауда. Жоғарыкәсіпті алыс жақын шетелдердің әскери оркестрлері tattoo show (дефиле) көрсететін болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді