- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда шұңқырлық жөндеудің жаңа технологиясы қолданылады
Қазақстанда шұңқырлық жөндеудің жаңа технологиясы қолданылады
Көлік және коммуникация министрлігінде хабарлағандай, кешенді жол машинасы бірден 4 операция жасауға мүмкіндік береді. Алдымен шұңқыр сығылған ауамен қоқыстан тазартыларды, содан кейін ауа ағынымен шаң-тозаң мен батпақтан тазартылады. Кейін шұңқыр битумдық эмульсиямен өңделіп, ауа қысымы көмегімен эмульсиямен өңделген шағылтаспен толтырылады. Бұл автокөліктің жолмен ілінісу жоғары коэффициентін қамтамасыз етеді.
Осылайша машина зақымданған жол жамылғысын тез және сапалы жөндеуге мүмкіндік береді.
Шұңқырлық жөндеу Қазақстанның ауа райы ұқсас өңірлерінде кең колданымда екенін атап өткен жөн.
Учаскені арнайы дайындықсыз жөндеуге мүмкіндік беріп, ауа райына қарамай жыл бойы пайдалынымда болуы кешенді жол машинасының тағы бір артықшылығы.
Сонымен қатар шұңқырлық жөндеу жасаудан басқа кешенді жол машинасын жолды қардан тазалауға немесе құм шашуға пайдалануға болады.
2014 жылы шұңқырлық жөндеу жұмыстарымен Қазақстанда автомобиль жолдарының 1,7 млн м2 қамту жоспарланғанын еске саламыз.
Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында республикалық маңыздағы жолдарда шұңқырлық жөндеу жұмыстары басталды. Техникалық регламентке сәйкес барлық облыстарда бұл жұмыстар қар ерігеннен кейін басталады.
Бұдан тыс, жолдардағы ақауларды уақытымен жою мақсатымен биылғы жылдың сәуірінде облыстар тұрғысында 200 мың м2 республикалық жолдарда шұңқырларды жою жөніндегі жоспар жұмысын бастайды.
Сонымен бірге ауаның төмен температурасы кезінде жөндеу жұмыстарын өткізуге мүмкіндік беретін МАК-асфальтті қолдану жалғасады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша