- Басты
- Жаңалықтар
- ТЖМ құтқарушылары Көкпекті су қоймасындағы су басудан 200-ге жуық адамды құтқарды
ТЖМ құтқарушылары Көкпекті су қоймасындағы су басудан 200-ге жуық адамды құтқарды
ТЖМ-де хабарлағандай, су қоймасын су шайып кету қаупі туғандықтан, Көкпекті кентіндегі өзен жағалауында орналасқан шамамен 210 адам және Қарағанды облысындағы Сортировка кентіндегі 150 адам тұрғандарына хабар таратылып, қауіпсіз жерге көшіріліді.
Сондай-ақ, Көкпекті өзенінің және одан әрі Нұра өзенінің бойында тұратын барлық елді мекендерге хабар таратылды. Хабар тарату әр үйді аралап жүріп айту арқылы іске асырылыды.
31-наурыз күнгі сағат 1.30-да Көкпекті су қоймасын су шайып кету салдарынан Көкпекті кентіндегі 100 шақты үйді (ауылдағы 810 үйдің ішінен) биіктігі 1,5 - 1,8 метрдей су басып кетті.
31-наурыздағы сағат 2.45 бастап кенттегі су деңгейі төмендей бастады.
Төтенше жағдайды жою және су басқан жердегі халықты қауіпсіз жерге көшіруге өткізгіштігі жоғары техника мен 124 адамдық жеке құрам және медициналық апаттық құтқарушылардың, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс полкінің 15 бірлік техникасы жұмылдырылды.
«Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Көкпекті кентінден 125 адам құтқарылды. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында қаза тапқан 4 адамның денесі табылды. Мектепте ТЖ жою жөніндегі штаб пен медпункт құрылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ, оқиға орнына ҚР ТЖ жөніндегі министрі В. Божко ұшып барды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы