- Басты
- Жаңалықтар
- ИЖТМ-де мұнай-газ машина жасау саласында қазақстандық мазмұнды дамытуға қатысты жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды
ИЖТМ-де мұнай-газ машина жасау саласында қазақстандық мазмұнды дамытуға қатысты жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды
ҚР ИЖТМ және Қазақстан машина жасаушыларының одағы ұйымдастырған кездесуге 40-тан астам отандық және шетелдік кәсіпорын - мұнай-газ компаниялары және, атап айтқанда, ТШО үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілер шақырылды, деп ведомствода хабарлады.
Индустрияландыру бағдарламасы төңірегінде машина жасау саласының алдында өнімнің жаңа түрлерін игеру, технологиялар трансферті, өнім сапасын және еңбек ресурстарының біліктілігін арттыру міндеті тұр.
Қазақстан машина жасаушылары одағының өкілдері белгілегендей, осы міндет тауарлар мен қызметтердің шетелдік берушілерімен тығыз ынтымақтастықты орнату арқылы ТШО кеңейту жобасы аясында шешіледі деп жоспарланады.
«Мәселенің мән-жайы мынада жатыр: қазақстандық мазмұн бойынша талаптары бар мұнай-газ операторлары осы норманы өз өнім берушілеріне де таратады. Бұл шара өзара тиімді болмақ - шетелдік машина жасау компаниялары қазақстандық әріптестермен бірге мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын, ал мұнай-газ операторлары - сапалы өнімді алады», - деп айтты Әсет Исекешев.
Айта кетерлік, қазақстандық мазмұнды дамыту саясаты отандық бизнесті қолдау ісінде ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Іске асырылып жатқан ҮИИД бағдарламасы төңірегінде, 4 жылдың ішінде жергілікті мазмұн мониторингінің субъектілері 31,2 трлн. теңге сомасына тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алды, оның ішінде 56,5% (17,6 трлн. теңге) отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесі. 2010 жылмен салыстырғанда, 2013 жылы отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесі 15 % артып, мониторинг субъектілерінің жалпы сатып алу көлемінде 63,1% құрады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері