• Басты
  • Жаңалықтар
  • Финляндия «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жөніндегі Хартияға қол қойды

Финляндия «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жөніндегі Хартияға қол қойды

28 Наурыз, 2014 11:50
Хельсинкиде Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қазақстандық-финляндиялық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысына қатысты.

Министрлікте хабарлағандай, басқосуда екі елдің арасында бұдан бұрын қабылданған келісімдердің орындалу барысы, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, байланыс және коммуникациялар, энергетика және оның тиімділігі, ауыл шаруашылығы мен табиғи ресурстар салаларындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Отырыс соңында Финляндия Республикасының Еуропа істері және сыртқы сауда жөніндегі министрі Александр Стубб «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жөніндегі Хартияға қол қойды.

Н. Қаппаровтың Финляндияның өнеркәсіп министрі Ян Вапаавуоримен өткізген кездесуі барысында ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелері талқыланды.

Барлық жаңалықтар