• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шығыс Қазақстан облысында «Әдемі сөйле, сауатты жаз!» сауаттылық акциясы өтті

Шығыс Қазақстан облысында «Әдемі сөйле, сауатты жаз!» сауаттылық акциясы өтті

5 Наурыз, 2014 10:06
Халықаралық туған тіл күніне орай Шығыс Қазақстан облысында «Әдемі сөйле, суатты жаз!» сауаттылық акциясы өтті.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, аталмыш акция мемлекеттік тілдің деңгейін көтеруге және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арасында қазақ тілі бойынша жазба сауаттылығын жетілдіруге арналған.

Айта кетерлік жайт, бұл шара Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалаларында өтті. Оған Бородулиха ауданының әкімдігінен 154  және ауыл округтарынан 18 мемлекеттік қызметкер қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, туған тілдің халықаралық күні  1999 жылы қараша айында ЮНЕСКО Бас конференциясында жарияланды. Ол жыл сайын тілдік мәдениетті, көптілділікті және мідениеттілікті артту үшін тойланады.

 

Барлық жаңалықтар