- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ басшысы қазақстандық білім беру жүйесіне жаңа әдіс енгізуді ұсынды
ҚР БҒМ басшысы қазақстандық білім беру жүйесіне жаңа әдіс енгізуді ұсынды
«Алдағы даму жолымыздың мықты болуы үшін біздің сыни ойлауға, қабілеттерді дамытуға және жан-жақтылықты арттыруға ынталандыратын өзгерістер қажет», - дейді еліміздің бас ұстазы.
Сонымен қатар, ведомство басшысы жаңа әдістер ұсына отырып, біздің жүйеге қажетті жалпы үрдістерді тілге тиек етті.
«Барынша білімді адамнан енді өмірлік жағдайларға дайындалған маманға ауысатын уақыт жетті. Демек бұл дегеніңіз беленді шығармашылық ойланатын, іскер, интеллектуалды, физикалық және адамгершілік дамитын адам. Сонымен қатар, «жақсы білім» тұжырымдамасынан алыстап, сол білімді тәжірибемен ұштастыру жағын ойластыру керек. Бұл дегеніңіз алдағы уақытқа психологиялық дайындық, біліктілікті арттыру», - дейді министр.
Сонымен қатар, А.Сәрінжіпов Қазақстанның PISA халықаралық зерттеуіне қатысу қорытындысын да таныстырды.
«Қазақстан екінші рет қызықты халықаралық зерттеуге қатысты. Бұл өте сенміді және болашағы зор жоба. Аталмыш зерттеу балалардың білімді пайдалануын үйретіп, ҰБТ-ға қарағанда білімнен гөрі сол білімді қаншалықты пайдалана алатыныңызды тексереді. Бұл шараға негізінен дамыған елдер қатысады», - дейді.
Министрдің айтуынша, зерттеудің нәтижесі елдердің даму көрсеткішімен пропорционал болып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан математикадан 49 орын, жаратылыстанудан 52, оқудан 60 орын алған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы