- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президентінің қолдауының арқасында Алматы жаңа даму қарқынына ие болды – А.Есімов
ҚР Президентінің қолдауының арқасында Алматы жаңа даму қарқынына ие болды – А.Есімов
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын барысында 2013 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылып, алдағы жылдың жоспарлары талқыланды.
Өз баяндамасында Алматы әкімі Ахметжан Есімов барлық көрсеткіштер бойынша алға ілгерілеушіліктің бар екенін, соның ішінде өнеркәсіп, транспорт, сауда мен қызмет көрсету саласының тасы өрге домалап тұрғанын айтты.
«Соңғы 5 жылда жалпы өңірлік өнім 2 есеге артып, 6,4 трлн теңгені құрады. Бұл халықтың басына шаққанда шамамен 27 мың долларды құрайды. Ал салықтық түсім 1 трлн 360 млрд теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 13% көтерілген», - дейді әкім.
А.Есімовтың айтуынша, қала дамуының 3 басым бағыты анықталды – Инновациялық технологиялар паркіндегі еркін экономикалық аймақ, Алатау ауданындағы индустриялды аймақ пен туризмнің дамуы.
Әкім қаланың атмосферасының кірленуін азайту мен экологиялық қауіпсіздікті арттыру туралы тапсырманың ерекше бақылауда екенін жеткізді.
«Метрополитеннің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Биыл тағы екі станция іске қосылады. 2013 жылы 6 жолайрық пайдалануға берілді. Биыл олардың саны тағы 3-ке артпақ. Сонымен қатар, тағы 4 жолайрықтың жобалау-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары аяқталады. 2017 жылғы Универсиадаға да қызу дайындық жүргізілуде. Үстіміздегі жылы 12 мың орындық мұз сарайының, 3 мың орындық мұз айдыны мен атлеттік ауылдың құрылысы басталады. Басты міндетіміз – аталмыш жұмыстардың барлығының 2016 жылдың тамыз айына дейін аяқтау. Сіздің тапсырмаңызға сай, 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш бердік. Елдегі тұрақтылық пен экономикалық дамудыың арқасында аталмыш шараларды өткізуге мүмкіндігіміз бар», - дейді әкім.
Сөз соңында әкім Мемлекет басшысының қолдауының арқасында әлеуметтік және экономикалық салалардың барлық көрсеткіштері бойынша алға ілгерілеушіліктің бар екенін айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары