- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан - 2050» Стратегиясы әлемнің 20 тіліне аударылды
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы әлемнің 20 тіліне аударылды
Жоба ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұдан былай «Қазақстан - 2050» Стратегиясының мәтінімен Ұлыбритания, Болгария, Испания, Италия, Германия, Румыния, Түркия, Франция, Хорватия, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Тәджікстан, Түркіменстан, Қытай, Корея, Жапония, Иран мен Сауд Арабия елдерінің азаматтары туған тілінде таныса алады.
««Қазақстан - 2050» Стратегиясын шет мемлекеттердің тілдеріне аударуда біз алдымен көршілерімізді яғни, Ресей, Қытай, Өзбекстан сынды мемлекеттерді басты назарға алдық. Содан соң осы уақытқа дейін стратегиялық байланыс орнатылған мемлекеттерді аталмыш тізімге енгіздік. Мәселен, бір араб тіліне аудару арқылы біз бірден араб тілді екі мемлекетті қамтыдық. Жалпы, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын 20 тілге аударып, әлемнің назарына ұсындық», - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.
Сонымен қатар, ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов «Қазақстан-2050» Стратегиясы шет елдің 20 тіліне аударудың негізгі мақсатында тілге тиек етті.
«Атамлыш стратегиялық маңызды құжатты бірден әлемнің 20 тіліне аударудың түпкі мақсаты дүниежүзін Қазақстанның даму жолымен таныстыру. Еліміздің экономикалық, инвестициялық, бизнес мүмкіншілігі мен осы салалар бойынша алға қойған мақсаттарын таныстыру болып табылады. Мәселен, Елбасы Қазақстанда атом электрстанциясын салуды тапсырды. Аталмыш күрмеуі қиын сала бойынша әлемде Жапония көш бастап келеді. Демек жапондықтар аталмыш құжаттың туған тіліндегі нұсқасы арқылы Қазақ елінің мүмкіндігі мен шетелдік инвесторларға жасап отырған қолайлы жағдаймен танысып, өз ұсыныстарын бере алады», - деді сөз соңында ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.
Айта кетерлік жайт, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы Strategy2050.kz порталына орналастырылған және ол барлық мобильді құралдарда ашылады .
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары