• Басты
  • ҚР ҚОСРМ басшысы жұмыс сапарымен Норвегияға барды
27 Наурыз, 2014 15:50

ҚР ҚОСРМ басшысы жұмыс сапарымен Норвегияға барды

Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қызметтік іссапармен Норвегия Корольдігіне барды.
ҚР ҚОСРМ басшысы жұмыс сапарымен  Норвегияға барды

Ослоға сапары барысында Нұрлан Қаппаров Норвегияның ресми және іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізді, деп министрлікте хабарлады.

Қоршаған орта мен климат министрі Тине Сундтофтпен кездесу барысында екі елдің орнықты энергетика, таза технологиялар мен инновациялар, табиғи ресурстарын басқару салаларындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

Н. Қаппаров, Норвегия көшбасшы болып табылатын осы салалардың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында, сондай-ақ еліміздің «жасыл» экономикасына көшуі жөніндегі Тұжырымдамасында басым бағыттар қатарына жатқызылғаны туралы хабарлады. Сонымен қатар кездесуде тараптардың норвегиялық «Энергия Плюс» бастамасы мен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы шеңберінде өзара қолдау мүмкіндіктері қарастырылды.   

Норвегияның балық шаруашылығы министрі Элизабет Аспакер мен сауда және индустрия вице-министрі Дилек Айханмен өткізген сұхбат барысында Нұрлан Қаппаров Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру мақсаттары мен осы бағытта қолға алынып жатқан іс-шаралар жайлы баяндады. Ол Норвегияның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көшбасшы елдерінің бірі ретінде, Қазақстанның осы ұйыммен тығыз ынтымақтастығын құру ісіндегі маңызды әріптесі болуына мүдделі екендігін айтты.

Сонымен қатар Н. Қаппаров еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатқандығы туралы мәлімдеп, біздің Норвегияның осы саладағы тәжірибесімен танысуға мүдделі екендігімізді жеткізді.

Іссапар барысында Н. Қаппаров «Scatec» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Альф Бьорсетпен және «Carbon Limits» компаниясының басшылығымен кездесіп, парниктік газдарының шығарындылары көлемін қысқарту және жаңартылатын энергетика салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын  талқылады.

Н. Қаппаров кездесулер барысында Норвегияның ресми және іскер топтары өкілдерін VII Астаналық экономикалық форум жұмысы мен «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық процессіне қатысуға шақырды.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды