- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы сыни ойлауды дамыту жобасын таныстырды
«Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы сыни ойлауды дамыту жобасын таныстырды
«Сыни ойлау 21 ғасырдағы басты қабілет. Осы тұрғыда біз азаматтарды осыған баулығымыз келеді. Сыни ойлаудың артықшылығы мен пайдасын көптеп насихаттаған жөн. Және де оны балалар мен жастардан бастау керек. Біздің қозғалыстың белсенділері жазып жатқан оқулық бұған көп көмегін әкелетініне сенімдімін», - дейді «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысының жетекшісі Данат Жұмин.
Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» қозғалысы сыни ойлау бойынша өзінің төл жобасын да таныстырды. Қозғалыс белсендісі Ғабит Бекахметовпен Айгерім Қоржымбаева осы жылдың соңына қарай аяқтауды жоспарлап отырған сыни ойлау туралы кітаптың қысқаша мазмұнымен таныстырды.
Оқулықты дайындаушылардың айтуынша, ол ең үздік әлемдік тәжірибені қамтиды және қазақстандық тәжірибені ескере отырып құрастырылған.
Бұдан бөлек оқулық жарыққа шыққаннан кейін «Қазақстан-2050» қозғалысы оны елдің мектептеріне тегін таратып, педагогикалық ЖОО студенттеріне тренинг өткізбек.
Шараға қатысушылар тиісті тестті тапсыра отырып өздерінің сыни ойлау тұрғысынан өз дәрежелерін тексеріп көруге мүмкіндік алды.
Жалпы, конференцияға қатысушылар елдің азаматтарына сыни ойлау жүйесін қалай тарату керектігін іздестіріп, отандық оқыту жүйесінің осы тұрғыдағы мүмкіндіктерін қарастырды.
Айта кету керек, биылғы жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына деген Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларды оқытудың нәтижесі сыни ойлау, өз бетінше іздену мен ақпаратты терең талдауға бейімделу болуы керектігін айтқан еді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары