- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі басшысы Қызылорда облысының бірқатар кәсіпорны мен әлеуметтік нысандарын аралады
ҚР Үкіметі басшысы Қызылорда облысының бірқатар кәсіпорны мен әлеуметтік нысандарын аралады
Үкіметтің ресми порталы хабарлағандай, жобада сағатына 250 жолаушы өткізуге қаблетті жаңа халықаралық жолаушылар терминалы құрылысы қарастырылған. Әуежай қуатын арттыру облыстың көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, инновациялық және кластерлік жобаларды жүзеге асыру үшін аймаққа әлеуетті инвесторлар тартуға алғышарттар жасауға мүмкіндік береді.
Серік Ахметов Сырдария ауданындағы «Мағжан және К» ЖШС тұқым шаруашылығында болып, онда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізді.
Премьер-Министр еліміздің агроөнеркәсіптік кешені алдында тұрған міндеттерге назар аударып, Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлетінін, Президенттің тапсырмасы бойынша оның шеңберінде 2020 жылға дейін саланы дамытуға республикалық бюджеттен үш триллион теңге бағытталатын «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті. С.Ахметовтің айтуынша, осы жылы бұл мақсатқа 194 миллион теңге бөлінген.
Қызылордада С.Ахметов «Мұз айдыны» спорттық-сауықтыру кешені мен салынып жатқан 200 орындық перинаталды орталықта болды. Соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жарақтандырылған перинаталды орталықты іске қосу, босанатын әйелдерге және балаларға дәрігерлік жәрдем беру мекемелерінің төсек қорын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Серік Ахметов «Smart Rubber» ЖШС-дағы автокөліктердің тозығы жеткен резеңке доңғалақтарын механикалық қайта өңдеу арқылы жоғарғы сапалы резеңке қиындыларын өндірумен шұғылданатын зауытқа барды.
Кәсіпорында пайдалы резеңке қиындыларын және ауыл шаруашылығы қажетіне арналған топырақ астын суландыратын инновациялық түтіктер өндіретін линия іске қосылған. Жобаның әріптесі германиялық «Water Future Systems GmbH» компаниясы болып табылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері