- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰКП меморгандар көрсетіп отырған 30 қызмет түрінің сапасы бойынша қоғамдық мониторинг өткізді
ҚР ҰКП меморгандар көрсетіп отырған 30 қызмет түрінің сапасы бойынша қоғамдық мониторинг өткізді
«Жалпы кәсіпкерлікпен байланысты әр аймақта 30 мемлекеттік қызмет түрі бар. Алайда, олардың 26 бойынша құқық бұзушылықтар тіркелген. 30 қызметтің 22-і аясында осы қызметтерді көрсету бойынша ақпарат қолжетімсіз. Ал, 18-і бойынша уақыт пен қызмет көрсету тәртібі бұзылады», - деп ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева мәлім етті.
Бұл сауалнаманың мақсаты аталмыш саладағы әкімшілік кедергілерді, мемлекеттік қызметкерлердің процедуралық және субъективті бұзушылақтарын анықтап, мемлекеттік қызметті оңтайландыру үшін ұсыныстар, стандарттар мен регламент даярлау болатын.
Жалпы, Г. Құрбанбаеваның айтуынша кәсіпкерлердің 35% мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне көңілі толмайды.
Қоғамдық мониторинг барысында 12839 кәсіпкер, 141 фокус-топтар, 327 «жұмбақ сатып алушыға» сауалнама жүргізілсе, 589 респонденттен сұхбат алынды, 389 мемлекеттік органда 4614 сағатқа созылған қадағалау жүргізілді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, нысанды архитектуралық-жобалау тапсырмасын беру, кедендік тазарту және тауарды шығару, жер учаскісін мақсатты пайдалануды өзгерту бойынша шешімді беру, жер құрылысы бойынша жобаларды бекіту, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша субсидия беру бойынша мемлекеттік қызмет түрлеріне қатысты шағымдар көп түскен.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері анықталған проблемаларды алдын-ала әшкерелеу және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында ҚР Үкіметіне, сонымен қатар ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жіберілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі