- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтуде
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтуде
Шараның мақсаты жұмыс берушілер мен жұмыссыздар арасында тікелей байланыс құру болып табылады. Жәрмеңкеге келген әр адам қала бойынша бос жұмыс орны мен лауазым тіркелген мәліметтер банкімен танысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар аталмыш кәсіп бойынша арнайы кәсіби дайындық шаралары да ұйымдастырылып, «Жастар практикасына» қатыса отырып ақылы қоғамдық жұмысқа да араласуға болады.
«Біз жыл бойынша 1000 мүгедектің жаңа жұмыс тауып қоғам өміріне белсенді араласып кеткенін қалаймыз. Әрбір кәсіпкерлік, әрбір ұйым мүмкіндікгі шектеулі жандар үшін арнайы жұмыс ашып, оларды жұмысқа тартулары керек», - дейді «Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесі жетекшісінің бірінші орынбасары Сапар Ахметов.
Оның айтуынша, шараға шамамен қаланың 100 шақты жұмыс берушісі өтініш берген. Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс берушілердің нақты саны бүгін белгілі болады. Бүгінде жәрмеңкеде 300-дей жұмыс орны ұсынылып отыр.
«Жұмысқа қабылдау үшін алдымен жұмыс істеу шартын жақсартып, оңтайлы жағдай жасау керек. Яғни талаптар орындалып, жеңілдіктер қарастырылмақ. Еңбекақы өз алдына. Аталмыш дайындық жұмыстары ертерек жасалып қойылды. Мұнда келгендер аталмыш талаптың үддесінен шыға білгендер. Енді тағы бірқатар жұмыс берушілер аталмыш кезеңнен өткеннен кейін келетін болады», - дейді С.Ахметов.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді