- Басты
- Жаңалықтар
- Жылдың басынан бастап Бірыңғай байланыс-орталығына 700 мыңнан астам қоңырау шалынды
Жылдың басынан бастап Бірыңғай байланыс-орталығына 700 мыңнан астам қоңырау шалынды
1414 Бірыңғай байланыс-орталығының операторларымен қаңтар мен ақпан айларында 230 бен 270 мыңнан астам тиісінше, ал наурыз айының басынан бері 222 мың жуық қоңыраулар қабылданды, деп «Ұлттық ақпараттық орталық» АҚ-да хабарлады.
Бұл ретте консультациялық қолдау 535 мемлекеттік қызметтер бойынша көрсетіледі. Олардың ішінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер бар.
Зейнетақы аударымдары туралы консультацияларды беру жөніндегі жұмысқа көп назар аударылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қызметтері бойынша сұрақтарға 10 оператордан тұратын арнайы ұйымдастырылған топ жауап береді.
Қазіргі уақытта олар атап айтқанда, зейнетақы шартын жасасу, жеке зейнетақы есеп шотын ашу, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты алу, зейнетақы жинақтарын алу, сондай-ақ міндетті, еркін және кәсіби салымдар мәселелері бойынша консультация көрсетеді.
Ақпанда ҚР Статистика агенттігінің «Ресми статистикалық ақпаратты таратудың кестесімен ескерілмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» қызметі қосылды.
Еске салсақ, Бірыңғай-байланыс-орталығы «Ақпаратты-Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды. 1414 нөмірі бойынша консультация тәулік бойы жүзеге асырылады, ал қоңыраулар Қазақстан барлық өңірлері үшін мобильдік және қалалық телефондар бойынша тегін.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді